Әлеуметтік желілерде аулада жиналып, футбол жанкүйерлеріне еліктеп, өз командасына қолдау көрсеткен балалардың видеосы тарады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Бейнежазбада бір топ баланың аулаға көрпеше төсеп, әуен ырғағымен ұрандап отырғанын көруге болады. Олар барабан мен музыкалық аспаптардың орнына шелек пен металл табақты пайдаланып, таяқшалармен ырғақ соққан.
Видео авторы балаларды әзіл ретінде «Болашақ техастар» деп сипаттаған.
Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, балалардың тапқырлығы мен жанкүйерлікке деген қызығушылығын көрсететін көңілді көрініс ретінде бағаланып жатыр.