Мазмұнға өту
qandastar.

Шерзат ісіндегі прокурордың шені өсті

bahitzhanabzal · · 235 қаралым
Шерзат ісіндегі прокурордың шені өсті

Қоғамда кең резонанс тудырған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурор Дана Сарсенбайға «бірінші сыныпты заңгер» (әділет капитаны) сыныптық шені берілді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дана Сарсенбай бұған дейін жоғары кәсіби шеберлігі, принципшілдігі және соттарда мемлекеттік айыптауды сапалы қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының ең үздік мемлекеттік айыптаушысы ретінде танылған болатын.

Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес, ол «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды.

Айта кетейік, Дана Сарсенбайдың кәсіби қызметі құқық қорғау органдары қызметкерлері мен қоғам тарапынан жоғары бағаланып келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp