Фото: скрин
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев сот отырысы аяқталғанша қылмыстық істің жай-жапсарын жария ете алмайтынын мәлімдеді, деп жазды qandastar.kz
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокат қорғаушылар тобы айыптаушы тараптың бір ұстанымымен келіспейтінін айтты, олар сот отырысында өз ұстанымын білдіруді жоспарлап отыр.
"Айыптау қорытындысының бір позициясымен келіспейміз, өз пікірімізді сотта айтамыз. Басқа айыпталушыларға тағылған басқа айыптармен келісеміз", – деді адвокат.
Шекеев бастапқыда бұл іске 13 адам күдікті болып, кейін екеуі алып тасталғанын айтты.
"Бастапқыда 13 адам күдікке ілінді. Екеуінің қатысы болмағаннан кейін күдіктілердің қатарынан шығарылған. Сондай-ақ екі қыз тек куә ретінде сұралған, бұзақылыққа қатысы жоқ деді. Айыптау актісін бұрынғы адвокаттар келіскен. Біз жаңа топпыз. Іс материалдары бойынша ашып ештеңе айтып бере алмаймыз. Екі азамат – Шынасыл Абзал мен Равиль Сакиевке ауыр айып тағылды. Қалғандарына бұзақылық бабы бойынша айып тағылды", – деді Шекеев.
Еске салсақ,
. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды.
Бүгін Шерзат Полаттың ісі бойынша
айтылды. Прокурор айыптау актісін оқып, айыпталушылардың қылмыс орнында жәбірленушінің
мылтықпен ұрғанын айтты.