Фото:Orda.kz
Талдықорғанда өтіп жатқан атышулы сот отырысында Шерзат Полаттың өліміне қатысты медициналық сараптама қорытындысы жария етілді, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл — істегі ең маңызды деректердің бірі. Марқұмның нақты неден қаза тапқаны туралы алғаш рет ресми түрде мәлімдеме жасалды.
Прокурор Дана Сәрсенбайдың айтуынша, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні «Қамажай» дүкенінің жанында болған жанжалдан кейін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жарақат алған ұлын және оның ағасы Нұрқанатты көлігіне отырғызып, бар жылдамдықпен Талғар аудандық орталық ауруханасына жеткізуге асыққан.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Шерзаттың өлімі көп қан жоғалтқаннан болған. Жарақат сол жақ өкпенің жоғарғы тұсына түскен, пышақ жүрекке өте жақын орналасқан көкірек қуысына сұғылған
Дәрігерлер оның өлімін 2024 жылы 4 қазан күні түнгі 01:30-да Талғар аудандық ауруханасында тіркеді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубай Нұрымов, ұлы Шерзат Полат және ағасы Нұрқанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат Полат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды.
10 желтоқсанда Азат ауылында Шерзаттың ағасы
айналды. Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні ағасының жаназасында ұсталды. Ол жүк көлігінің төбесіне шығып, ұлы мен ағасының өліміне қатысты әділ тергеу жүргізуді талап еткен болатын. Сот оны ұсақ бұзақылық пен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Алайда Нұрымов бұл айыптарды жоққа шығарып, тек полиция көлігінің дөңгелектерін тескенін мәлімдеді.
Осы кезде полиция туыстары мен адвокаттары өтінген соң, Қаржаубайды ұстадық деп мәлімдеген еді. Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның
оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары
және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте айтып берген еді.