Щучье қаласында газ баллоны жарылып, 12 адамның қаза болуына әкелген “Палау орталығы” дәмханасының иесіне қатысты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін, 2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты кәсіпкерді екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берген еді. Қазір бұл бұлтартпау шарасының мерзімі қосымша тағы бір айға ұзартылып отыр.
Аталған оқиғаға байланысты Щучье қаласындағы дәмханада болған өрт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігімен іс қозғалған. Бұл бап өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза болуына қатысты қарастырылады.