Мазмұнға өту
qandastar.

Шілдеде Алматыда жоғалып кеткен жас жігіт өлі табылды

bahitzhanabzal · · 326 қаралым
Шілдеде Алматыда жоғалып кеткен жас жігіт өлі табылды

Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Осы жылдың шілде айында Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды. Бұл жайлы LIDER.KZ еріктілері өздерінің Instagram-парақшасында жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1994 жылы дүниеге келген Азамат Маратұлы Балтабай 2024 жылдың 10 шілдесінде жоғалып кеткен.

Белгілері: бойы – 170-175 сантиметр, дене бітімі арық келген, шашы қара, білектерінде татуировкалар бар.

Еріктілердің ақпараты бойынша ер адамның денесі 22 қыркүйек күні табылған. Қайғылы жайт жайлы басқа мәліметтер келтірілмеген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp