Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да 53 градус аяз тіркелді

bahitzhanabzal · · 74 қаралым
ШҚО-да 53 градус аяз тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Парыгино ауылында рекордтық аяз тіркелді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Kursiv.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындардың

, ауа температурасы –50 градустан төмен түскен.

Синоптиктер мен жергілікті тұрғындардың мәліметінше, 15 қаңтар күні Парыгино ауылында термометр бағаны –45 градусты көрсетсе, 16 қаңтардың таңында аяз күшейіп, –53 градусқа дейін жеткен. Түскі уақыттың өзінде ауа температурасы –48 градус шамасында болды.

 

Әлеуметтік және өмірлік маңызды нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай ақаулар мен іркілістер тіркелген жоқ. Жағдай толық бақылауда
деді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Ал Парыгино ауылдық округ әкімі Ғани Төлеков ауыл тұрғындарының мұндай қатаң ауа райы жағдайларына жақсы дайындалғанын атап өтті.

Демалыста елдің барлық өңірлерінде аяз болады, бұған қоса, оңтүстікте тоқтаусыз қар

. Мамандар осындай қатты аязда алыс жолға шықпауға және техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp