Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да көлік терезесінен денесін шығарған жолаушылар жауапқа тартылды

Бақытжан Мұса · · 8 қаралым
ШҚО-да көлік терезесінен денесін шығарған жолаушылар жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы кезінде жолаушылардың терезеден денелерін шығарып тұрған бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Қауіпті әрекет полиция назарынан тыс қалмады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

ШҚО ПД қызметкерлері бейнежазбадағы азаматтардың жеке басын анықтап, оларға қатысты тиісті шара қабылдады.

Полиция мәліметінше, көлік жүргізушілері жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал көлік қозғалысы кезінде денелерін салоннан шығарған жолаушыларға да заңнамаға сәйкес шара қолданылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтап, өздерінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp