Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да отбасыға шабуыл жасалды

Бақытжан Мұса · · 534 қаралым
ШҚО-да отбасыға шабуыл жасалды

Оқиға 23 шілде күні орын алды. Қылмыстық топ Белоусовка ауылындағы отбасыға шабуыл жасап, салдарынан әйел қаза тауып, күйеуі Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына орташа жағдайда жатқызылғанын Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның басынан жарақат, көгеру және денесінде кесілген жерлер болған, дейді

.

Отбасы Чапаево көшесінде коттеджде тұрған. Көршілерінің айтуынша, үй иесін тұншықтырған және иттердің қатты үрген дауысы шыққан.

Әйел тұрмыстық және құрылыс заттарын сатумен айналысқан. Сондай-ақ қылмыс жасау барысында үйде демалысқа келген ерлі-зайыптының немерелері болған. Бірақ немерелерге қатысты ештеңе болмаған.

23 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. Полицияның айтуынша, күдіктілер қашып бара жатқан жерлерінен ұсталған. Қазіргі таңда ешқандай ақпарат жарияланған жоқ, тергеу жалғасуда.

"Қиын кезеңдерде балабақшалар жабылып, адамдар жалақысыз қалған кезде ол балабақшаға бояуды жиі беретін. Қарызды өтеу үшін алты ай керек еді, бірақ ол ешқашан асықтырмайтын", – дейді ауыл тұрғыны Ольга.

Тұрғындардың айтуы бойынша, кәсіпкер әйел бұған дейін тазалау күндерінде белсенді қатысып, ауыл әкімшілігіне техникамен бөліскен.

Әйелдің жерлеу рәсімі 25 шілдеде оның туған ауылында өтеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp