Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да полицейлер толғағы басталған жүкті әйелді перзентханаға жеткізді

Бақытжан Мұса · · 284 қаралым
ШҚО-да полицейлер толғағы басталған жүкті әйелді перзентханаға жеткізді

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері толғағы басталған жүкті әйелді перзентханаға дер кезінде жеткізуге көмектесті. Бұл туралы Qandastar.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға таңертең Өскемен — Шемонаиха тасжолының 9-шақырымында болған. №437 қызметтік автокөлікпен жол қауіпсіздігін бақылап тұрған полицейлерге бір жүргізуші тоқтап, көмек сұраған. Оның айтуынша, көліктегі жүкті әйелінің толғағы басталып, жедел жәрдем уақытында жетіп үлгермейтін болған.

Тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, арнайы жарық белгілерін қосып, көлікке Ана мен бала орталығына дейін жол бастап барған.

Полицейлердің жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде әйел медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp