Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Малоубинка ауылында болған күшті дауыл салдарынан тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандары зақымданды. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов оқиға орнында болып, табиғи апаттың салдарымен танысты. Оның айтуынша, қатты жел бірқатар тұрғын үйдің шатырын ұшырып, ғимараттар мен шаруашылық құрылыстарына елеулі зиян келтірген.
Аудан әкімінің мәліметінше, қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмекті мүмкіндігінше жедел көрсету шаралары қолға алынған.
Эльдар Тумашинов жергілікті билік тұрғындарды қиын жағдайда жалғыз қалдырмайтынын айтып, барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.