Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО ПД-да кадр жұмысы мен тәрбие бағыттары талқыланды

Бақытжан Мұса · · 339 қаралым
ШҚО ПД-да кадр жұмысы мен тәрбие бағыттары талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Жиынға ПД бастығының орынбасары Серік Манапов төрағалық етті. Кеңес барысында жеке құраммен жұмыс жүргізетін бөліністердің 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы қызмет нәтижелері талқыланды.

Кеңесте өңірдегі кадрлық жағдайдың жақсарғаны айтылды: бос лауазымдар саны азайып, қызметкерлердің тұрақтылығы артқан, сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарының тиімділігі жоғарылаған.

Сонымен қатар қызметтік тәртіпті күшейту, тәлімгерлік жүйесін дамыту және жас қызметкерлердің бейімделуін жақсарту мәселелеріне басымдық берілді. Жас мамандардың кәсіби қалыптасуына жүйелі қолдау көрсету қажеттігі атап өтілді.

Патриоттық тәрбие мен жастармен жұмыс та назардан тыс қалмады. Қазіргі уақытта облыста 25 “Жас сақшы” полиция сыныбы жұмыс істеп, онда 400-ден астам оқушы білім алуда. Кейбір сыныптарға ерлік көрсеткен қызметкерлер мен батырлардың есімдері берілген. Сондай-ақ Катонқарағай ауданында “Ерлік бұрышы” ашылғаны айтылды.

Жиынға ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев қатысып, антқа адалдық пен қызметтік тәртіптің маңызын атап өтті. Кеңес соңында кадр саясатының тиімділігі мен тәртіп деңгейі ішкі істер органдары беделінің негізгі факторы екені қорытындыланды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp