Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Бақытжан Мұса
Polisia.com
Polisia.com

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер дронның көмегімен үш аптадан астам уақыт бойы із-түзсіз жоғалған 30 жылқыны бірнеше сағаттың ішінде тауып, иесіне қайтарды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Таңертең полицияға жергілікті тұрғыннан жылқыларының жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Сақшылар бірден іздестіру жұмыстарына кірісіп, дрон арқылы жетуі қиын аумақтарды әуеден тексерген.

Жедел іздестіру нәтижесінде сол күні түске қарай жоғалған үйірдің орналасқан жері анықталды. Полицейлер 30 жылқыны иесіне аман-есен қайтарды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp