Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да полицейлер жолда қалған ерлі-зайыптыға көмектесті

Бақытжан Мұса 14 қаралым
Pravda.Ru
Pravda.Ru

Шығыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері дөңгелегі жарылып, жолда қалған ерлі-зайыптыға көмек көрсетті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқиға 13 қазанда Өскемен – Самар тасжолының 27-шақырымында болған. Патрульдік полиция экипажы жол жиегінде тұрған көлікті байқап, жүргізушіге көмек ұсынған.

Белгілі болғандай, көліктің дөңгелегі жарылып, ер адам оны өз бетінше ауыстыра алмаған. Соның салдарынан ол әйелімен бірге жолда бірнеше сағат бойы тұрып қалған.

Полиция қызметкерлері Санжар Әскербеков пен Саят Ғазезов зақымданған дөңгелекті ауыстыруға көмектесті. Нәтижесінде ерлі-зайыпты сапарын жалғастыра алды.

Жүргізуші полицейлерге дер кезінде көмек көрсетіп, жанашырлық танытқаны үшін алғысын білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp