Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да таудан құлаған тастар тасжолды басып қалды

Малика Хамит
ШҚО-да таудан құлаған тастар тасжолды басып қалды

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігіне таудан ірі тастар құлап, жолдың жүру бөлігіне шашылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Әңгіме «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолы туралы болып отыр. Жартастан құлаған үлкен тастар мен ұсақ жыныстар жолдың бір бөлігін басып қалған.

Куәгерлердің айтуынша, тастар құлаған кезде бұл учаскеде бірде-бір көлік болмаған. Сондықтан оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, көліктерге де зақым келмеді.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, тас құлағаны 15 қарашада жолды патрульдеу кезінде анықталған. Мамандар оқиға орнына барып, жағдайды бақылауға алған.

Қазіргі уақытта жолдағы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігі қамтамасыз етілген. Ал құлаған тастар мен жыныстарды тазарту, оқиғаның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp