Мазмұнға өту
qandastar.

ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты

Малика Хамит 17 қаралым
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында болған өрт салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қаза тапқандардың бірі – әйел, қалған екеуі – кәмелетке толмаған балалар.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйді түгелдей жалын шарпып, шатыр құлап кеткен.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар әйел мен екі баланың денесін тапты.

Тілсіз жау 63 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт толық сөндірілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp