Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 2017 жылы туған бала жұқа мұз астына түсіп кетті. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баланы судан шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Оқиға Курчатов көшесі маңындағы батпақты учаскеде болған. Алдын ала диагноз бойынша баланың денесі қатты суыған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға жұқа мұздың қауіпті екенін ескертті.
Құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, су айдындары маңында ойнауына жол бермеуді және мұз үстіне шығудың қауіпті екенін түсіндіруді сұрайды.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.