Қонаев ауылында воркаут аймағы бар шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңы ашылды. Жаңа нысандар «Қазақмыс» компаниясының қолдауымен және Шу ауданының әкімдігімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында салынған. деп хабарлайды Qandastar.kz.
Жаңа алаңдар балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Бұл нысандар «Қазақмыс» компаниясының Шу ауданында 2026–2027 жылдары жүзеге асыратын әлеуметтік бағдарламасы аясында іске қосылған алғашқы жобалардың қатарында.
Меморандум шеңберінде жалпы бюджеті шамамен 800 млн теңгені құрайтын тоғыз әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобалар аясында жаңа спорт алаңдары мен кешендерін салу, балабақшаны жөндеу, көшелерді жарықтандыру және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту көзделген.
Компания мәліметінше, «Қазақмыс» өзінің қызметі бар өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Негізгі бағыттардың қатарында балалар мен жастарға қолайлы жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бароо