2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Швеция мен Жапония құрамалары тең нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.
F тобындағы үшінші тур кездесуі АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында өтті. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 56-минутында Рицу Доанның нәтижелі пасынан кейін Дайдзен Маэда есеп ашып, Жапонияны алға шығарды. Алайда алты минуттан соң Энтони Эланга Виктор Дьекерештің пасын голға айналдырып, таразы басын теңестірді.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Жапония бес ұпаймен екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама иеленді. Енді жапондықтар 1/16 финалда Бразилия құрамасымен кездеседі.
Ал төрт ұпай жинаған Швеция үшінші орынмен келесі кезеңге өтті. Команданың плей-оффтағы қарсыласы кейін белгілі болады.