Мазмұнға өту
qandastar.

Шығыс Қазақстанда жас жігіт 16 жастағы қызды пышақтап тастады

Малика Хамит · · 295 қаралым
Шығыс Қазақстанда жас жігіт 16 жастағы қызды пышақтап тастады

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өскемен қаласының 16 жастағы тұрғынына қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, тиісті зерттеулер жүргізілді.

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

"Істің барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда",- дейді полициядағылар.

Жасөспірім облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілген.

Жағдайы өте ауыр болды, дейді дәрігерлер.

Операция кезінде іш қуысында шамамен 3 литр қан жиналған.

Күрделі ота 3,5 сағатқа созылды.

Қазір жағдайы – тұрақты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp