Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкент: Есепші балаларға бөлінген қомақты қаржыны жымқырған

bahitzhanabzal · · 48 қаралым
Шымкент: Есепші балаларға бөлінген қомақты қаржыны жымқырған

Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаладағы бір мектептің бас есепшісіне қатысты үкім шығарды. Ол Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Мемлекетке сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру») және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы («Қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшердегі ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру») бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы қызмет бабын пайдаланып, мемлекетке 451,1 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Ол бұл қаражатқа бірнеше пәтер, автокөлік, жер телімі мен бағалы қағаздар сатып алған.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp