Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді сарышаян шағып, ауруханаға түсті

Малика Хамит · · 292 қаралым
Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді сарышаян шағып, ауруханаға түсті

Шымкентте 14 жастағы жасөспірімді сарышаян шағып, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды

порталы "

сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кезінде баланың жағдайы күрт нашарлап, аяқ-қолдары ұйып, тыныс алуы қиындаған.

Ата-анасы уақыт жоғалтпай, баланы өз көлігімен ауруханаға алып барған.

Жолда оларға полиция қызметкерлері ілесіп, жедел түрде медициналық мекемеге жетуге көмектесті.

Дәрігерлердің мәліметінше, жасөспірім токсикология бөліміне орташа ауыр жағдайда түскен. Қажетті ем-домнан кейін оның жағдайы тұрақтанып, келесі күні үйіне шығарылған. Қазір өміріне қауіп жоқ.

Мамандардың айтуынша, сарышаян шағуы қатты ауырсыну мен улану белгілерін тудыруы мүмкін. Кей жағдайларда бас айналу, құсу және қатты бас ауруы байқалады.

Дәрігерлер алғашқы көмек ретінде:

  • жараны таза сумен жуу;
  • суық компресс қою;
  • зақымданған аяқ-қолды қозғалтпау;
  • қажет болса ауырсынуды басатын дәрі қолдану екенін ескертеді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp