Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте 150 мың оқырманы бар блогер ұсталды

Малика Хамит · · 32 қаралым
Шымкентте 150 мың оқырманы бар блогер ұсталды

Шымкентте әлеуметтік желі арқылы азаматтардан ақша бопсалады деген күдікпен блогер мен оның үш сыбайласы ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желіде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймыз деп қорқытып, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерден ақша талап еткен.

Тергеу барысында Instagram желісінде шамамен 150 мың оқырманы бар жергілікті блогердің үш адаммен бірге түрлі бейнематериалдар жинағаны анықталған. Олар қызметтік міндеттерді орындау кезінде орын алды делінген тәртіп бұзушылықтар мен кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заңсыз әрекеттерді сылтау етіп, бейнежазбаларды түсірген.

Полицияның мәліметінше, кейін күдіктілер жиналған материалдарды әлеуметтік желіде жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp