Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте белгілі асаба есірткіге ұқсас заттармен ұсталды

Бақытжан Мұса · · 23 қаралым
Шымкентте белгілі асаба есірткіге ұқсас заттармен ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті Астана қаласының тұрғыны С. есімді азамат. Ол Шымкенттегі қонақ үй кешендерінің бірінде ұсталған.

Тінту барысында қонақүй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет пен өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адаммен бірге интимдік қызмет көрсететін әйел де болған.

Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және «мак» екенін айтып, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсеткен.

Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp