Фото видеокадрдан скриншот жасалған
Әлеуметтік желіде Шымкентте әлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына соққы жасап, оны жаралаған видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске сәйкес Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.
Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.