Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте ер адам әйеліне укол салған соң қайтыс болды

bahitzhanabzal · · 170 қаралым
Шымкентте ер адам әйеліне укол салған соң қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

Шымкентте әйел адам күйеуі салған инъекциядан соң қайтыс болды, деп хабарлайды

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әйел адамның өліміне қатысты сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы жағдай Жібек жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ер адам әйеліне инъекция саламын деп қателік жіберген. Дәрі еккен соң әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp