Шымкентте есірткі таратты деген күдікпен хиджаб киген бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Полиция мәліметінше, қала аумағында жүргізілген жедел іс-шара кезінде күдікті қыз қолға түскен. Тексеру барысында оның сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары электронды таразы мен есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған қаптама материалдарын тәркіледі.
Кейін полицейлер күдікті жалдап тұрған пәтерге тінту жүргізген. Нәтижесінде ішінен әрқайсысы шамамен 5 грамм болатын есірткі заттары салынған тағы 32 орам анықталған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.
[video width="1280" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/VID_20260612_090617_009.mp4"][/video]