Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте көпқабатты үйдің балконынан өрт шықты

Бақытжан Мұса
ТЖМ
ТЖМ

Шымкент қаласының Абай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер балконында тұрмыстық заттар өртенді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды 2,5 шаршы метр аумақта жедел сөндірді. Нәтижесінде өрттің жоғарғы қабаттардағы балкондарға таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды. Ведомство балкондарда тез тұтанатын заттарды сақтамауды және электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеуді ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp