Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қайғылы оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жер астындағы құдықтың ішінде газдан уланып, көз жұмған.
Қазір полиция оқиғаның нақты мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар да тексерілуде.