Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте жалған Toyota мен Lexus майлары сатылған

Малика Хамит · · 113 қаралым
Шымкентте жалған Toyota мен Lexus майлары сатылған

Шымкентте Toyota және Lexus тауар белгілерімен сатылған контрафактілік мотор майлары анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қалалық Әділет департаменті құқық иеленушінің ресми өкілінің өтініші негізінде мотор майын ауыстыру пунктіне жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде аталған брендтердің атауы заңсыз пайдаланылған өнімдерді сақтау, сату және өткізу деректері белгілі болды.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан 615 құты контрафактілік мотор майы тәркіленді.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Әділет органдары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және жалған өнімдердің заңсыз саудасына қарсы бақылау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp