Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте жасөспірімдер жолаушылар пойызына тас лақтырды

Бақытжан Мұса · · 346 қаралым
Шымкентте жасөспірімдер жолаушылар пойызына тас лақтырды

Пойыз өз бағытымен қозғалып келе жатқан кезде полицейлер терезеге жасөспірімдердің тас лақтырғанын байқаған. Кейін пойыз жылдамдығын машинистен шұғыл азайтуды сұраған. Қабылданған шараның нәтижесінде, жасөспірімдер ұсталып, ата-аналарымен полиция басқармасына жеткізілді, дейді Qandastar.kz.

Жүргізілген іс-шара нәтижесінде жасөспірімдер заңды өкілдерімен бірге жасаған әрекеттерін толықтай мойындады. Олармен теміржолдағы қауіпсіздік нысандарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал жасөспірімдедің ата-аналарына тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар полиция басқармасы теміржол бағытындағы пойызға тас лақтырмауға және басқа да қауіпті әрекеттерді істемеуге шақырады. Бұл жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін өте маңызды.

Полиция басқармасы теміржол маңында балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp