Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте жасөспірімнің пышақ жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бақытжан Мұса · · 37 қаралым
Шымкентте жасөспірімнің пышақ жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласында жасөспірімнің пышақ жарақатын алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, 17 тамыз күні дендросаябақ аумағында кәмелетке толмағандар арасында жанжал туындап, оның салдарынан бір жасөспірім аяғынан пышақ жарақатын алған.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталған. Зардап шеккен жасөспірім медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта жанжалдың шығу себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындауына құқықтық баға беру мәселесі қарастырылуда.

Полиция тексеру нәтижесіне сәйкес оқиғаға қатысушылардың әрекетіне заң аясында тиісті құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp