Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкентте жоқ адамды жұмысқа алып, мемлекет қаржысын жымқырған мектеп басшылары сотталды

qandastar
Шымкентте жоқ адамды жұмысқа алып, мемлекет қаржысын жымқырған мектеп басшылары сотталды

 

Жоқ адамды жұмыспен қамтыдық деп, мемлекет ақшасын жымқырған шымкенттік мектеп басшыларына сот үкімі шықты. 

№44 мектептің бұрынғы директор орынбасары мен есепшісі 3 жылдан бері 48 миллион теңгені қалтаға басқан. 

"Бухгалтерге 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Директордың орынбасарына да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал директорге оларды қадағаламағаны үшін айыппұл салынды. Оған 5 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салынды", – дейді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp