Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкенттегі дендропаркте 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кеткен

Малика Хамит · · 1 039 қаралым
Шымкенттегі дендропаркте 17 жастағы жасөспірімді пышақтап кеткен

Шымкенттегі дендропаркте кешкі уақытта төбелес соңы пышақ жарақатына ұласқан, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 17 тамызда тамақ сататын дүңгіршектердің бірінің маңында болған.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Артынша полиция тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжалға қатысы бар адамдар анықталған. Жарақат алған жасөспірім медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жасөспірімдердің заңды өкілдерінің жауапкершілігіне қатысты мәселені де қарастыруда.

Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысқан адамдардың әрқайсысына қатысты тиісті шешім қабылданады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp