Мазмұнға өту
qandastar.

ШЫМКЕНТТЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

qandastar
ШЫМКЕНТТЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Шымкенттіктер су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтті.

Еріктілерден құралған топ Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары үшін көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация секілді құтқару жұмыстарына қажетті заттарды жинады. Сонымен қатар жүк көліктеріне азық-түлік өнімдері мен гигиеналық заттар тиелді. «Зардап шеккен жұртқа соңына дейін қолдау көрсетеміз»,-дейді ұйымдастырушылар.

Бахадыр Нарымбетов, қалалық мәслихаттың төрағасы: - 15 миллионнан астам қаржыға арнайы азық-түлік, киім-кешек және де көрпе-төсектер жинадық. Бүкіл Қазақстаннан бәрі осы мәселеге осындай көзқараспен қарап жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp