Мазмұнға өту
qandastar.

Шымкенттік алаяқ оқушыны 2 млн теңгеге алдап түсірген

bahitzhanabzal · · 126 қаралым
Шымкенттік алаяқ оқушыны 2 млн теңгеге алдап түсірген
polisia.kz
Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады. Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. 6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып, күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп, карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp