Фото: ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабар жеткізуші жаңа құрал енгізуде. Осындай маңызды жаңалықпен Антикор 2025 жылдың 24 ақпанында бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz
Енді әрбір азамат жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
"Біз жаңа Антикор 1424 Whatsapp-чат-ботының іске қосылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті".Антикордың баспасөз қызметіАнтикор 1424 WhatsApp-чат-бот арқылы не істеуге болады:
- сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу.
Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғатынын еске саламыз.Бұған дейін Жетісу облысындағы аудандық сот төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгені хабарланған.