Мазмұнға өту
qandastar.

Siemens Қазақстандағы технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Бақытжан Мұса 52 қаралым
Ақорда
Ақорда

Siemens AG компаниясының коммерция және қаржы мәселелері жөніндегі вице-президенті Бернд Ульбрихт корпорацияның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты., деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бернд Ульбрихттің айтуынша, Siemens Қазақстан нарығына енген 30 жыл ішінде еліміздегі бірқатар өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға атсалысқан.

Компания өкілі өзара мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді. Оның сөзінше, Siemens электр желілерін жаңғырту, цифрландыру және автоматтандыру, сондай-ақ сумен жабдықтау салаларында заманауи технологиялық шешімдер ұсына алады.

Сонымен қатар Бернд Ульбрихт компанияның Қазақстандағы деректерді өңдеу орталықтарының инфрақұрылымын дамыту жобаларына қатысуға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде Siemens пен Қазақстан арасындағы технологиялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp