Мазмұнға өту
qandastar.

СІМ АҚШ-та ұсталған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

Малика Хамит · · 62 қаралым
СІМ АҚШ-та ұсталған қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

АҚШ-та қамауға алынған қазақстандық азаматқа қатысты оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат ресми деректер нақтыланғаннан кейін беріледі
делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі қазақстандықтың 5 маусым күні федералды серіктестердің қатысуымен ұсталғанын хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сәйкес, ол белгілі немесе күдікті террористер тізімінде болған.

Сондай-ақ АҚШ иммиграциялық соты 2025 жылы оны елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда азамат сот отырысына келмей, АҚШ аумағында қалған.

Қазіргі уақытта қазақстандық азамат АҚШ-тағы көші-қон мекемесінің бақылауында. Ол депортациялау рәсімі аяқталғанға дейін қамауда болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp