Әлеуметтік желіде кішкентай сіңлісіне қарап отырып, сабағын орындаған қыздың видеосы тарады. Бейнежазба көпшіліктің ықыласына бөленді. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Кадрларда жас қыздың еденде отырып кітап оқып, сабағын орындап жатқаны көрінеді. Осы уақытта ол аяғымен бесікте жатқан кішкентай сіңлісін тербетіп отырған.
Видео авторы қызын мақтан тұтатынын айтып, оның сіңлісіне қарап, сабағын қатар алып жүргенін жазған.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары кішкентай қыздың пысықтығы мен қамқорлығына сүйсініп, жылы лебіздері мен ақ тілектерін білдірді.