фото: Ашық дереккөз
Сирия соты бұрынғы пр.езидент Башар Асадқа қатысты қамауға алу туралы ордер берді. Бұл шешім 2011 жылы Дараа қаласында өткен бейбіт наразылықтарды басу кезінде жасалған қылмыстарға байланысты қабылданған, деп хабарлайды qandastar.kz SANA агенттігіне сілтеме жасап
Асадқа қасақана кісі өлтіру, азаптау салдарынан адам өліміне әкелу, адамдарды заңсыз қамауда ұстау және азаматтық соғысты тұтандыруға әрекет жасау айыптары тағылып отыр. Сот қаулысы Сирия билігіне Интерпол арқылы халықаралық тергеу бастауға жол ашады.
Бұл іс бойынша арыздарды 2011 жылы Дараадағы алғашқы наразылықтар кезінде қаза тапқандардың туыстары түсірген. Сол оқиғалар кейін Сириядағы 13 жылға созылған қанды азаматтық соғыстың басталуына себеп болды.
2024 жылдың 8 желтоқсанында көтерілісшілер Дамаскіге кіріп, Асад режимінің құлағанын жариялады. 24 жыл билік құрған Башар Асад Ресейге қашып кеткен болатын. Қаңтар айында Ахмед аш-Шараа басқаратын өтпелі әкімшілік құрылып, Мәскеуден Асадты экстрадициялауды талап етті. Алайда Ресей бұл талапты орындаудан бас тартты. Кейіннен Сирияда жаңа президент сайланды.
Сирияда билік Асадтар әулетінің қолында жарты ғасырдан астам уақыт болды: әуелі Хафез Асад, кейін оның ұлы Башар елді басқарды.