Мазмұнға өту
qandastar.

Сиыр еті қымбаттамайды: министрлік бағаға қатысты болжамын айтты

Малика Хамит · · 53 қаралым
Сиыр еті қымбаттамайды: министрлік бағаға қатысты болжамын айтты

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова елде ет бағасының күрт өсуіне алғышарт жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда сиыр етінің орташа бағасы қазір келісіне шамамен 3 800 теңге.

Елордада баға сәл жоғары. Мәселен, «Шапағат» базарында сиыр етінің келісі шамамен 3 900 теңге болса, «Артем» базарында 4 400–4 500 теңге аралығында сатылады.

Вице-министрдің айтуынша, елде сиыр еті жеткілікті. Бұған қоса, мал басы да көбейіп келеді.

Сондықтан ведомство қазіргі жағдайда сиыр етінің бағасы күрт қымбаттайды деп есептемейді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp