Мазмұнға өту
qandastar.

«Сіз - ұлы әйелсіз»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешованы жылатты

Малика Хамит · · 1 183 қаралым
«Сіз - ұлы әйелсіз»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешованы жылатты

Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова кино және театр өнерінің майталманы Меруерт Өтекешоваға жасаған тосын сыйымен ел назарын аударды, деп хабарлайды

порталы.

Әсерлі кездесуде продюсер актрисаның өнердегі орны бөлек екенін айтып, оған ерекше құрмет білдірді.

Кездесу барысында Баян Алагөзова Меруерт Өтекешованың ұзақ уақыттан бері баспана мәселесін айтып жүргенін жеткізіп, бұл тілегін өзі орындауға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, актрисаға қалаған ауданынан жаңа пәтер алып беру жоспары бар және бұл мәселе жуық арада шешілмек.

Желі қолданушылары кездесудегі шынайы эмоцияларға ерекше назар аударды.

Продюсер өнер иесіне алғыс айтып, оны қазақ мәдениетінің мақтанышы екенін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде продюсердің «Қыз Жібек» фильміндегі әйгілі камзолмен түскен видеосы қызу талқыланған еді. Кейін Меруерт Өтекешова аталған киімді продюсерге өз қолымен бергенін айтып, түрлі пікірлерге жауап берген болатын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)
Дәйексөз

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp