Әлеуметтік желілерде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісінен қызықты үзінді жарияланды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
@egovpress парақшасында жарияланған видеода процесс аяқталғаннан кейін бір адамның жылап жібере жаздағаны және куәлікті дұрыс бердім бе деп сұрағаны естіледі.
Дұрыс сөйледім бе?! Саған көп сұрақ қоймайды, сөйлесіп қойғанмын. Уайымдама!
Оған жауап ретінде алаңдамауын, бәрі барлық тараппен алдын ала келісілгені айтылған.
Алайда, бұл сөздерді қай айыпталушының айтқаны белгісіз.