Мазмұнға өту
qandastar.

Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге жетті

Бақытжан Мұса · · 89 қаралым
Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 23,4 млрд текше метрге жетті

Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су көлемі 23,4 миллиард текше метрге жеткенін хабарлады, дейді Qandastar.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, Солтүстік Аралды сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде теңізге келетін су көлемінің тұрақтылығы қамтамасыз етілген.

2025 жылдың 1 қазанынан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Аралға шамамен 1,2 миллиард текше метр су жеткізілді. Қазіргі вегетациялық кезеңде теңізге секундына 14 текше метр су келіп жатыр.

Вегетация маусымы аяқталғанға дейін су жіберу көлемін кезең-кезеңімен секундына 100–150 текше метрге дейін ұлғайту жоспарланған. Қазіргі таңда Солтүстік Аралдағы жалпы су қоры 23,4 миллиард текше метрді құрайды.

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, министрлік Солтүстік Аралды сақтау мақсатында Сырдария өзені бассейніндегі суды есепке алу жүйесін автоматтандыру, сондай-ақ гидротехникалық нысандарды қайта жаңғырту жобаларын іске асырып жатыр.

Сонымен қатар трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару бағытында көршілес елдермен ынтымақтастық нығайып келеді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойған. Бұл құжат он жылға созылған келіссөздердің нәтижесінде қабылданған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp