Солтүстік Қазақстан облысында көшеде ойнап жүрген үш бала жидек жеп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға Мамлют ауданында болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі отбасының 3, 5 және 8 жастағы балалары сыртта ойнап жүріп жидек жеген. Олардың нақты қанша жидек жегені белгісіз.
Алдымен балалар аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейін медициналық көмек көрсету үшін облыстық ауруханаға ауыстырылды.
Қазіргі уақытта үш баланың да жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр.
Мамандардың айтуынша, үш жастағы баланың есі анық, тәбеті жақсы. Бес жастағы баланың да сана-сезімі бұзылмаған. Сегіз жастағы баланың жағдайы да жақсы деп бағаланып отыр.
Балалардың ауруханада қанша уақыт емделетіні әзірге белгісіз.