Мазмұнға өту
qandastar.

СҚО-да өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен аман алып қалды

Бақытжан Мұса 14 қаралым
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйдің ауласындағы гараж бен үйдің шатыры өртенді. Құтқарушылар үш адамды эвакуациялап, өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Қатты желге қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды жедел оқшаулап, толық сөндірді. Олардың үйлесімді әрекетінің арқасында тұрғын үй аман қалды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болуы мүмкін.

ТЖМ балаларды отпен ойнаудың қауіптілігі туралы ескертіп, ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp