Мазмұнға өту
qandastar.

Степногорскіде полицей жоғалған 13 жастағы қызды түні бойы іздеп тапты

Малика Хамит · · 43 қаралым
Степногорскіде полицей жоғалған 13 жастағы қызды түні бойы іздеп тапты

Степногорск қаласында жоғалып кеткен 13 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аман-есен табылды, деп хабарлайды

порталы.

30 маусым күні кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, кәмелетке толмаған қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай жатқанын мәлімдеген. Алаңдаған ана құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aqmola_pd
Дәйексөз

Хабар түскен бойда полицейлер іздеу шараларын бастап кетті. Іздеу жұмыстарына учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Әділ Кутушев те жұмылдырылды. Қыздың болуы мүмкін орындары тексеріліп, қала аумағы мен шеткері жерлер қаралды.

Іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасып, таңғы сағат 04:30 шамасында жасөспірім қала сыртындағы ашық аумақтан табылды. Белгілі болғандай, қараңғы түскен соң қыз бағытынан жаңылып, үйге қайтар жолды таба алмаған.

Қыз анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Полиция қызметкерлері тұрғындарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың жүрген жерін бақылауда ұстауға кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp