Мазмұнға өту
qandastar.

Стоматологиялық клиникалар да бар: Қазақстанда ондаған медициналық ұйым жабылуы мүмкін

Малика Хамит
Стоматологиялық клиникалар да бар: Қазақстанда ондаған медициналық ұйым жабылуы мүмкін

Қазақстанда жыл басынан бері 78 медициналық ұйым медициналық қызмет көрсету құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Олардың қатарында стоматологиялық клиникалар да бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомствоның Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылдың алғашқы тоғыз айындағы тексеру жұмыстарының қорытындысын жариялады.

Тексеру барысында бірқатар медициналық ұйымның заң талаптарын бұзғаны анықталған. Осыған байланысты министрліктің аумақтық департаменттері олардың лицензиясын тоқтату және кері қайтару үшін сотқа жүгінген.

Нәтижесінде 78 медициналық ұйымның лицензиясы кері қайтарылды.

Министрліктің мәліметінше, мұндай бақылау шаралары ең алдымен пациенттердің қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Сондай-ақ медициналық мекемелердің заң талаптарын сақтауын қадағалап, көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілігін арттыру көзделген.

Ведомство медициналық қызмет көрсететін әрбір ұйым белгіленген талаптар мен қауіпсіздік стандарттарын сақтауға міндетті екенін еске салды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp