Мазмұнға өту
qandastar.

«Сценарий»: Еркебұлан Тоқтардың сөзіне риза болған депутат желіде сынға қалды

Малика Хамит · · 91 қаралым
«Сценарий»: Еркебұлан Тоқтардың сөзіне риза болған депутат желіде сынға қалды

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «

» youtube-арнасына берген сұхбат барысында қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар жайлы айтамын деп сынға қалды, деп хабарлайды

порталы.

Депутат Еркебұланның «Үкіметте нелерін бар, әркім өз ісімен шұғылдану керек» деген видеосын көргенін айтты.

Және бұл сөзіне риза болғанын да жеткізді.

Көзі ашық азамат екен. Риза болдым. Ол жігітті тауып аламын. Қабылдауыма шақырып, ақылдасамын. Ол жігітке жас деп қарауға болмайды. Мен оның азамат ретінде айтқан жауабына риза болдым. Біздің Қазақстанда өмірге солай сергек қарайтын азаматтар көп болса жақсы еді
дейді депутат.

Алайда депутаттың бұл пікірі көптің көңілінен шықпаған сияқты.

Желі қолданушылары «Әрине сендерге ешкім арласпаса жақсы емес пе, білгендеріңді істеп, ақшаны жеп жүре берсеңдер болды емес пе», «Халық саясатқа араласпаса, өз күнін өзі көріп, кредитке батып, шет асып жалға кетсе», «Әрине сендерге қарсы келмесе. Араласпаспаса шіркін десей» және «Ол жігіт сендерді жақтап айтқан жоқ қой, істеген істеріңе сендер сол жігіт сияқты жауап бере аласыңдар ма» деп жазып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Adal Adam (@adal_adam.kz)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp